Медицина • 19 Тамыз, 2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу арада автобуста жол ақысын SMS арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

"Астана тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдау өткізіледі. Шараның өткізілу мақсаты – өзекті проблемаларды анықтау және оны айтылған шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы шешу жолдарын қарастыру" делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда ең өзекті мәселе қоғамдық транспорттың жұмысы. Осыған байланысты 20 тамыз қалалықтарды қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақыруда. Тақырып – жол ақысын SMS арқылы қосымша төлеудің тәсілдерін енгізу мәселесі. 

Тыңдалымның өтетін уақыты мен орны: 20 тамыз, 16:00, Астана қалалық мәслихат отырысының залы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2-қабат.